![Ақтөбе мен Қостанай облыстарында күн 40 градусқа дейін ысиды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_31721.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еліміздің екі облысында 3 күн бойы қатты ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидромет» болжамдарына сілтеме жасап.
«22-24 маусым күндері Ақтөбе облысында, 23-25 маусым күндері Қостанай облысының кей жерлерінде күн қатты ысиды, ауа температурасы 40°C-ге дейін жетеді», - делінген хабарламада.
Ал, Қазақстанның басым бөлігінде бүгін ауа райы тұрақсыз болып, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді. Тек оңтүстік өңірде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе мен Қостанай облыстарында күн 40 градусқа дейін ысиды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87249/)