![«Көшпенділер» атты халықаралық тележоба басталады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37703.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1-тамыздан бастап, Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Номад» немесе «Көшпенділер» атты халықаралық тележоба басталады. Бұл туралы Аltaynews.kz хабарлайды.
Жаңа реалити-шоу жобасын облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы іске асырмақшы.
Қатысушылар ұлттық паркте табиғи жағдайда өмір сүріп, киіз үйлерде тұрады, көшпенділердің тұрмыс-салтын сезініп, өркениет атаулыдан алыстайды, қиындықтарға төтеп береді. Аталмыш тележоба еліміздегі орталық телеарналардан көрсетілетін болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Көшпенділер» атты халықаралық тележоба басталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87255/)