![Шығыс Қазақстанда көпір жөнделіп, жол қозғалысы ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_31686.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Үстіміздегі жылдың мамыр айының соңында Ресейдің Алтай өлкесінде бірнеше күнге созылған нөсер жауыннан Шығыс Қазақстан облысының шекаралық аймағындағы тау өзендерінің суы тасып, «Өскемен-Зыряновск-Катон Қарағай-Рахманов қайнары» тасжолының 435-ші шақырымын су шайып кеткен болатын.
Сонымен қатар, өзендегі су деңгейінің кенеттен көтерілуі жоғарыда айтылған жолдың 447-700-ші шақырымында Арасан өзенінен өтетін ұзындығы - 10,7 метр, ені - 5 метр, 1970 жылы салынған ағаш көпірдің толықтай бұзылуына себеп болып, жол қозғалысына шектеу қойылған еді.
Осыған байланысты, 435-ші шақырымдағы жол бөлігі мен 447-700-ші шақырымындағы көпірді қалпына келтіру бойынша жедел топ құрылдв. Қалпына келтіру жұмыстарына «Қазақавтожол» РМК ШҚО филиалының 7 бірлік жол-құрылыс техникасы мен 15 маманы жұмылдырылды.
Нәтижесінде, 21 маусым күні көпір толық қалпына келтіріліп, барлық көлік түрлеріне қозғалыс ашылды, деп хабарлайды «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстанда көпір жөнделіп, жол қозғалысы ашылды &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87270/)