![Алдағы күндері ауа райы 30 градустан жоғары болады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_31699.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жақын күндері Қазақстанда ауа райы ыстық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Қазақстанның барлық аймағында температура көрсеткіші 30 градустан жоғары болады. Ал оңтүстік және орталық аймақтарда 40-43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
Синоптиктердің айтуынша, мұндай температура климаттық өлшемнен 2,6 градусқа жоғары. «Республиканың солтүстігі мен батысындағы кейбір жерлерде температура 25-30 градус көлемінде болады»,-делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, өткен апталарда да Қазақстан аумағында ыстық күн ыстық болды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алдағы күндері ауа райы 30 градустан жоғары болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87351/)