![«Қазақстан Барысы» палуандары салмақ өлшейді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_31700.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ертең, 27 маусымда сағат 19:00-де Астанадағы «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығында «Қазақстан Барысының» финалдық сынына қатысатын палуандардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, «Қазақстан Барысы-2014» турнирінің финалдық бәсекесі жексенбі, 29 маусымда елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы бұл жарысты тікелей эфирде көрсетеді. Көрсетілім Астана уақытымен 13:00-де басталады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда «Қазақстан Барысы» атағын Шығыс Қазақстан облысының палуаны Айбек Нұғымаров жеңіп алды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақстан Барысы» палуандары салмақ өлшейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87380/)