![«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының жаңа дизайны таныстырылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_31668.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы жаңа веб-порталының іске қосылуы мен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының жаңа дизайны мен веб-порталының жаңа нұсқасының іске қосылуына қатысты жиын өтеді.
Корпорация баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана қаласы күнін «Қазақстан» телеарнасы жаңартылған дизайнмен қарсы алмақшы. Сонымен қатар, 30 маусымнан бастап, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның жаңа веб-порталы да өз жұмысын бастайды.
Телеарна бет-бейнесінде қандай өзгерістер болмақ? Қандай тың жаңалық ұсынылады? Олардың мән-мағынасы, мазмұны қалай?
Жиында «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанова осы мәселелерге кеңінен тоқталмақ.
Айта кетейік, жаңа дизайнды жетілдіру кезінде британдық «Bruce Dunlop & Associates» креатив агенттігінің тәжірибесі пайдаланылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының жаңа дизайны таныстырылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87401/)