![Еуразиялық банк конкурс жариялайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_31756.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еуразиялық банк тәуелсіз медиа-сарапшылардың қолдауымен республиканың үздік қаржылық журналистерін марапаттамақ. Кәсіби конкурсқа экономиканың банк секторы турасында қалам тербеп жүрген қазақстандық журналистер шақырылады. Конкурстың сыйақы қоры - 900 000 теңге.
Басты аталым – «Қазақстанның банк секторы жөніндегі үздік материал»:
1-орын – 300 000 теңге
2 -орын - 200 000 теңге
3 -орын – 150 000 теңге
Мұнан бөлек, тағы бес аталым қарастырылған:
Үздік эксклюзив – 50.000 теңге
Банк секторындағы инновациялар жөніндегі үздік материал – 50.000 теңге
Үздік телевизиялық сюжет/репортаж – 50.000 теңге
Аймақ және аудандардағы БАҚ үздік материалы – 50.000 теңге
Еуразиялық банк қызметі туралы үздік материал – 50.000 теңге
Конкурска қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген мақала, видеосюжет, аудиобағдарламаларды жіберуге болады. Материалдар 2014 жылдың 1 қаңтары мен 1 қарашасы аралығында қабылданады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуразиялық банк конкурс жариялайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87413/)