![Мұхит Тұрсынов - финалда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_31792.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазақстан Барысы-2014» турнирінің жартылай финалында қызылордалық Руслан Әбдіразақов пен шығысқазақстандық Мұхит Тұрсынов белдесті.
Естеріңізде болса, Руслан Әбдіразақов екінші айналымда «Қазақстан барысы-2013» жеңімпазы Айбек Нұғымаровты жеңген. Ал бірінші айналымда Айдос Қаңлыбаевты, ширек финалда Дархан Жоламановты ұтты.
Ал Мұхит Тұрсынов бұған дейін «Қазақстан барысы-2012» жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев пен Бекболат Салықовты жеңген еді. Ширек финалда турнирдің ең жас палуаны Мейрамбек Жаңабайдан басым түсті.
Сонымен, жартылай финалда Мұхит Тұрсынов жеңіске жетті. Оның финалдағы қарсыласы – Асыл Бәрменов.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мұхит Тұрсынов - финалда
&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87449/)