![Мұхит Тұрсынов - «Қазақстан Барысы-2014» турнирінің жеңімпазы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_31782.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақ күресінен өткен «Қазақстан Барысы-2014» турнирінде Шығыс Қазақстан облысының палуаны Мұхит Тұрсынов жеңімпаз атанды. Ол Қарағанды облысының палуаны Асыл Бәрменовті қосымша кезең - қоян-қолтық белдесуде жеңді.
Жеңімпазға 150 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйлық пен алтын тайтұяқ тиесілі.
Еске сала кетейік, Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен «Қазақстан Барысы-2014» турнирін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мұхит Тұрсынов - «Қазақстан Барысы-2014» турнирінің жеңімпазы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87451/)