![ҚР Президенті Н.Назарбаевқа «Құрметті металлург» медалі табыс етілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37838.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Қазақстан Республикасының «Құрметті металлург» атағының №1 белгісі Нұрсұлтан Назарбаевқа табыс етілді. Бұл марапатты Елбасыға Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец табыс етті,-деп хабарлады ҚазАқпарат.
Қазақстан Республикасының «Құрметті металлург» атағының №1 белгісі Нұрсұлтан Назарбаевқа елдің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Үкіметтің есебімен танысуы барысында берілді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ҚР Президенті Н.Назарбаевқа «Құрметті металлург» медалі табыс етілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87511/)