![Жастарға арналған «Серпінді бизнес» байқауы жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37844.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Алматыда жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Серпінді бизнес» байқауы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан нарығында бұл - жаңа бастама. Шара аясында аймақтық және отбасылық кәсіпке грант беріп қана қоймай, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерге жан-жақты қолдау көрсетіледі. Гранттардың 30 пайызы әлеуметтік жобаларға арналған», - деді идея авторы «Зумрад» корпорациясының президенті Екатерина Ким.
Байқау 2014 жылдың 26 қарашасында аяқталады. Оған 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
Іріктеу шаралары Қазақстанның барлық аймағында өткізілмек. Үздік жоба иелері Алматы қаласында бір апта іскерлік тәжірибеден өтеді.
Үздік шыққан үш жеңімпазға 5 500 000 теңге, 2 700 000 теңге және 1 300 000 теңге көлемінде грант беріледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жастарға арналған «Серпінді бизнес» байқауы жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87517/)