![Елордада «Астана кубогы» КТК фестивалі ұйымдастырылуда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37885.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Астанада қала күніне орай Конгресс-холлда «Астана кубогы» екінші қазақстандық КТК фестивалі ұйымдастырылуда. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабынан хабарлады. Фестиваль аясында «Сборная РУДН» (Мәскеу), «СОЮЗ»(Түмен), «Азия MIX» (Бішкек), «Қазақстанның жаңа құрамасы» (Астана), «Сборная Баку» (Әзірбайжан) командалары жарысқа түсіп, қала тұрғындары мен қонақтарына тамаша көңіл-күй сыйламақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада «Астана кубогы» КТК фестивалі ұйымдастырылуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87558/)