![Көші-қон мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37891.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
4 шілде күні Алматыдағы Қазақстан Жазушылары кітапханасында «Көші-қон мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілердегі өзгерістер туралы халықты ақпараттандыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Жиынға Алматы қаласы Еңбек және көші-қон басқармасы, Алматы қаласы Көші-қон полициясы, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы, Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы өкілдері қатысып, көші-қон саласы бойынша заңнамалық актілер, олардағы өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндайтын болады.
Дөңгелек үстелге шетелдерден елге оралып жатқан қандастар қатыстырылады. Шараны халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры, Алматы қаласы Еңбек және көші-қон басқармасы, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы, Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы, Қазақстан Жазушылары кітапханасы бірлесіп ұйымдастырып отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көші-қон мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87564/)