![Щучинскіде қазақ тілі білгірлерінің халықаралық сессиясы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37923.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Щучинск қаласындағы республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында үстіміздегі жылдың 20 маусымы күні басталған «Бабалар тілі – қасиетті мұрам» атты қазақ тілі білгірлерінің халықаралық сессиясы бүгін өз мәресіне жетті.
Шараның негізгі – мақсаты мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау, қазақ тілінің жас білгірлерінің өнерін халыққа кеңінен таныту.
Халықаралық сессия жыл сайын Щучинск қаласында дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Аталмыш сессия биыл 8 рет ұйымдастырылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Щучинскіде қазақ тілі білгірлерінің халықаралық сессиясы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87596/)