![Аргентина Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37958.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Аргентина құрамасы Бельгияны жеңіп, Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.
1/4 финалда өткен кездесудегі жалғыз голдын авторы - Гонсало Игуаин. Ол өз командасын ойынның сегізінші минутында алға шығарды. Осыдан кейін бельгиялықтар есепті теңестіруге бар күштерін салса да, нәтижеге жете алған жоқ.
Аргентиналықтардың жартылай финалдағы қарсыласы Нидерланды - Коста-Рика кездесуінде анықталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Аргентина Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87631/)