![«Wimbledon-2014» жеңімпазы - Новак Джокович](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37997.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Сербиялық теннисші Новак Джокович «Wimbledon-2014» турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда әлемдік рейтингте төртінші орында тұрған швейцариялық Роджер Федерерден басым түсті. Есеп - 6/7(7), 6/4, 7/6(4), 5/7, 6/4.
Бірінші сетте Федерер тай-брейкте жеңіске жетсе, кейін Джокович партия бойынша есепті теңестіріп, алға шықты. Швейцариялық теннисші таразы басын теңестіргенімен, сербиялық спортшы шешуші сетте басымдық танытты.
Ойын 3 сағат 55 минутқа созылды. Екі ойыншының өзара кездесуіндегі есеп 17:18. Новак Джокович осымен Лондон кортында екінші рет жеңіске жетті. Бұл маусымдағы жеңісі үшін сербиялық теннисші 1 760 000 еуро мен әлемдік рейтингте 2 000 ұпайға ие болды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Wimbledon-2014» жеңімпазы - Новак Джокович&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87670/)