Грузияның экс-президенті Эдуард Шеварднадзе қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грузияның экс-президенті Эдуард Шеварднадзе қайтыс болды

07.07.2014
Грузияның экс-президенті Эдуард Шеварднадзе қайтыс болды

Грузияның бұрынғы президенті Эдуард Шеварднадзе 87 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС саясаткердің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы айларда сырқаты асқынған Э.Шевернадзе бүгін Тбилисидегі үйінде жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00 шамасында дүниеден өткен.

Марқұмды қай күні және қай жерде жерлейтіні әлі хабарланған жоқ.

Хабарламаларға жазылу