![«АЛЖИР» қасіреті жөнінде суреттер сөйлейді (ФОТО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38013.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«АЛЖИР» (Ақмола «халық жаулары» әйелдерінің лагері) - 1937 жылы Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-нүкте болып құрылған. Кейіннен «АЛЖИР» аталып кеткен лагерь «халық жауларының» зайыбы, қыздары мен қарындастарына арналған.
2007 жылы Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай-мемориалдық кешені ашылды.
Мемориалдық кешен «Қайғы қақпасы» монументі, «Күрес пен үміт» және «Ашыну мен дәрменсіздік» секілді екі мүсіндік композициядан, сондай-ақ, «Еске алу қабырғасынан» құралған.
Мұражайдың экспозициялары өзінің материалдық құжаттарымен саяси қуғын-сүргін тарихын көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«АЛЖИР» қасіреті жөнінде суреттер сөйлейді (ФОТО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87686/)