![Нидерланд – Аргентина матчы түрік төрешісіне тапсырылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38032.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ФИФА футболдан Әлем чемпионатының екінші жартылай финалындағы Нидерланд пен Аргентина матчына арбитрлар бригадасын тағайындады. Сан-Паулу қаласында өтетін ойынға түрік Жүнейт Чакыр төрелік етеді.
37 жастағы рефери бұл мундиальда Бразилия – Мексика және Алжир – Ресей матчтарында қызмет атқарды.
Айта кетейік, Нидерланд – Аргентина матчты 9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні Астана уақытымен 02:00 басталады. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нидерланд – Аргентина матчы түрік төрешісіне тапсырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87705/)