![Коста-Рика қақпашысының есімі стадионға беріледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38089.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Коста-Риканың оңтүстік бөлігіндегі Перес Селедон қаласының жергілікті билігі стадионға ұлттық құраманың қақпашысы Кейлор Навастың есімін беруге шешім қабылдады, деп хабарлайды Marca.
1953 жылы ашылған стадион енді Коста-Рика құрамасының қақпашысының есімімен аталады.
Естеріңізге сала кетейік, Коста-Рика футболшылары Бразилияда өтіп жатқан Әлем чемпионатында ширек финалға дейін жетті. Олар 1/4 финалда Нидерланд құрамасына пенальти сериясында есе жіберді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коста-Рика қақпашысының есімі стадионға беріледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87762/)