![Бүгін Еуропа Лигасы іріктеу кезеңінің қарымта ойындары өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38116.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Шахтер», «Астана» және «Қайрат» қарымта матчтарын өткізеді.
Алғашқы ойында 2:1 есебімен жеңіске жеткен қарағандылық «Шахтер» өз алаңында «Ширак» командасын қабылдайды. Ойын Астана уақытымен 18:30-да басталады.
Ереванда «Пюник» командасын 4:1 есебмен ұтқан «Астана» қарымта ойынын «Астана-Арена» стадионында өткізеді. «KAZsport» телеарнасы бұл ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Матч Астана уақытымен 19:00-де басталады.
Алматыда албаниялық «Кукеси» командасынан 1:0 есебімен басым түскен «Қайрат» қарымта кездесуін Тиранада өткізеді. Матчтың басталу уақыты – 23:30 (Астана уақытымен).
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Еуропа Лигасы іріктеу кезеңінің қарымта ойындары өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87789/)