![Ұлттық құраманың шабуылшысы енді «Сарыарқада» ойнайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38129.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасының шабуылшысы Михаил Паньшин енді қарағандылық «Сарыарқа» командасында ойнайтын болады. 31 жастағы хоккейші Минскте өткен Әлем біріншілігінде 7 ойын өткізіп, 2 (1+1) ұпай жинаған.
Михаил Паньшин Қазақстанда 2009 жылдан бері ойнайды. Атыраулық «Бейбарыс», павлодарлық «Ертіс» және астаналық «Барыс» командаларының хоккейшісі болған. Қазақстанның үш дүркін чемпионы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық құраманың шабуылшысы енді «Сарыарқада» ойнайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87802/)