![«Алтын доп» иегері - Лионель Месси](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38193.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Футболдан Әлем чемпионатының ең үздік ойыншысына берілетін жүлдені Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси иеленді.
Бұл турнирден аргентиналық шабуылшы 7 матч өткізіп, 4 гол соқты және 1 рет нәтижелі пас берді.
Лионель Месси барлық голын топтық кезеңде (Босния және Герценговина – 2:1, Иран – 1:0, Нигерия – 3:2) соқты. Ал 1/8 финалда Швейцариямен (1:0) өткізген ойында Анхель Ди Марияның көзге түсуіне мүмкіндік жасады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Алтын доп» иегері - Лионель Месси&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87866/)