![Алдағы күндері Астанада күн жауын-шашынды болады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38201.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алдағы күндері Астанада күн бұлтты болып, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді.
Бұл туралы Қысқа мерзімді болжамдар басқармасына сілтеме жасап, қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бүгін күндіз сынап бағанасы +16+18°С, түнде +8+10°С көрсетеді. Ертең, 15-шілдеде ауа температурасы +18+20°С, түнде +8+10°С болады.
Синоптиктердің болжамынша, 16-шілдеде ауа температурасы күндіз +22+24°С, түнде +9+11°С дейін жылынады.
Сонымен қатар, үш күн бойы солтүстіктен, солтүстік-батыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алдағы күндері Астанада күн жауын-шашынды болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87874/)