Қазіргі уақыттан Қазақстанда ғаламторды пайдалану деңгейі 70 пайыздан асты.
Бұл туралы бүгін елордада басталған байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастық басшыларының кеңесінде Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.
«Бүгінгі таңда Қазақстанда интернетке кіру 70 пайыздан асады. Ал, ұялы байланысқа кіруде 160 пайыздық шектен астық», - деді ол.
Агенттік төрағасының айтуынша, ауылдық елді мекендерді телефонмен жабдықтау арқасында Қазақстан талшықты оптикалық инфрақұрылымды дамытуды жалғастыруда.
«Бұл жобаны алдағы үш жылдың ішінде іске асыруды жоспарлап отырмыз», - деді А. Жұмағалиев
ҚазАқпарат