![«Қазақстан дауысына» іріктеу жүргізіледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38239.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бір жыл бойы Ұлттық телеарна көрермендерінің көзайымына айналған «Қазақстан дауысы» жобасы жалғасын таппақ.
Жоба мақсаты - ел арасында жүрген ерекше дауыс иесін анықтау.
Биылғы жылғы байқауға іріктеу еліміздің тек екі қаласында:
27 шілде күні Астана қаласы, Абай көшесі, 47, «Ramada Plaza» ғимаратында;
6 тамызда Алматы қаласы, Төле би көшесі, 296 А, «Қазақстан дауысының» түсірілім алаңында жүргізіледі.
«Қазақстан дауысы» атағына үміткерлерді еліміздің белгілі әншілері, өткен жобадағы тәлімгерлер - Медеу Арынбаев, Мәдина Сәдуақасова, Нұрлан Албан және Алмас Кішкенбаев таңдайды.
Көппен бірге бақ сынауға Сіз де лайықтысыз!
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақстан дауысына» іріктеу жүргізіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87912/)