![«Астана» және «Хапоэль» арасындағы кездесудің билет құны - 200 теңге](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38249.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ертең Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астана» футбол клубы Израильдық «Хапоэль» клубын қабылдайды.
«Билеттер кездесу болатын күні кассаларда сатылады. Билет құны 200 теңге», - дейді «Астана» футбол клубының баспасөз хатшысы Дмитрий Нестеренко.
Бұл кездесуді сағат 19:00-де «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана» және «Хапоэль» арасындағы кездесудің билет құны - 200 теңге&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87922/)