![«ТМД-дағы жастар: статистикалық портрет» атты жинақтың тұсаукесері өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38256.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
17 шілде күні Астанадағы «Rixos President Astana» қонақүйінде «ТМД-дағы жастар: статистикалық портрет» атты статистикалық жинақтың тұсаукесері өтпек.
Жинақта жастарға қатысты ең маңызды мәселелер қамтылған. Олардың қатарында демография, көші-қон, денсаулық, білім, жұмыспен қамту бар.
Жинақ турасында БҰҰ Орталық Азия елдеріндегі халық жағдайына қатысты қор кеңсесінің суб-аймақтық директоры, ҚР ЮНФПА кеңсесінің директоры Николай Ботев, ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары Жасер Жарқынбаев, ТМД Халықаралық статистика комитеті, әлеуметтік-демографиялық статистика басқармасының басшысы Ирина Збарская әңгімелейді.
Шараны ұйымдастырушы БҰҰ Шығыс Европа және Орталық Азия елдеріндегі халық жағдайына қатысты қордың аймақтық кеңсесі, ТМД Халықаралық статистика комитеті және ҚР Статистика агенттігі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«ТМД-дағы жастар: статистикалық портрет» атты жинақтың тұсаукесері өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87929/)