![Астанада демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38297.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
19 және 20 шілдеде Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкесінде нарықтық бағадан төмен бағамен азық-түліктер сатылады. Бұл туралы astana.kz сайты хабарлады.
Жәрмеңке (19-20 шілдеде) сағат 10.00-де Абылай хан даңғылы, 24 («Бакалея» дүкенінің жанында) және Жеңіс даңғылы, 55 («Мерей» базарының жанында) мекенжайларында ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеде Астана қаласының азық-түлік белдеуі аймағының өнімдері, сондай-ақ, жергілікті дистрибьюторлардың өнімдері сатылады. Көкөністерді, ет, шұжық өнімдерін, сүт өнімдерін арзан бағамен сатып алуға болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87970/)