![«Астана» клубы «Хапоэль» командасын ірі есеппен жеңді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38306.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елорданың «Астана» футбол командасы Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінде Тель-Авив клубы – «Хапоэльді» ұтты. Екі клуб арасындағы кездесу ә дегеннен-ақ тартысты басталды. Ойынның 16-шы минутында Рохер Каньяс пенальтиден есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Осы есеп бірінші тайм соңына дейін сақталды. Ал, екінші таймның 58-ші минутында Таңат Нөсербаев есепті еселей түсті. Араға 11 минут салып Абзал Бейсебеков кездесудің нүктесін қойды. Қорытынды есеп 3:0.
Қарымта кездесу 24 шілде күні Кипр қаласында өтеді деп жоспарланған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана» клубы «Хапоэль» командасын ірі есеппен жеңді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87979/)