![Қостанай облысында ауа райына байланысты тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылмақ](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38382.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, арктикалық циклонның әсерінен Қостанай облысының көпшілік аудандарында ылғалды ауа райы сақталады.
Аймақтық «Наша газета» порталының мәліметінше, соңғы 4-5 күнде Қарабалық, Меңдіқара, Амангелді аудандарында жауын-шашын мөлшері 30-34 мм-ге дейін артқан.
Келесі апта облыста күн райы жаңбырлы болып, тұрақсыз ауа райы сақталады. Түнде ауа температурасы +5,+10, күндіз кей аймақтарда +15,+17 градус жылы болады.
Ауа райы тек тамыз айының екінші онкүндігінде +28,+30 градусқа дейін жылынады.
Облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов төтенше жағдайлар қызметкерлерімен өткен жиында оларға жергілікті билікпен тығыз байланыста болып, тәуліктік кезекшілік ұйымдастыруды тапсырды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай облысында ауа райына байланысты тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылмақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88055/)