![Андрей Голубев Гштаад турнирінің екінші айналымына өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38391.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық тениисші Андрей Голубев Швейцарияда өтіп жатқан «Credit Agricole Suisse Open Gstaad» турнирін жеңіспен бастады.
Бірінші кезеңде Андрей Голубев испаниялық Иниго Сервантесті үш сетте – 3:6, 6:3, 7:6 есебімен ұтып, келесі айналымға шықты.
Екінші кезеңдегі қарсыласы сербиялық – Виктор Троицки. Ол турнирдің 8-ші ракеткасы швейцариялық Доминик Тимді екі сетте – 7:6, 6:4 нәтижесімен жеңген.
Андрей Голубев екінші айналымға шыққаны үшін 7 мың 405 евро және 20 рейтингтік ұпай алды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Андрей Голубев Гштаад турнирінің екінші айналымына өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88064/)