![Головкин мен Гил жекпе-жегінің төрешісі белгілі болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38392.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық Геннадий Головкин мен австралиялық Дэниэл Гил арасындағы жекпе-жекте америкалық Майкл Ортега шаршы алаңда төрелік етеді. Сонымен қатар, төрешілер құрамында Джули Ледерман, Дон Трелла және Джон Маккай бар. Кездесудің инспекторы - Аурелио Фьенго.
Естеріңізге сала кетейік, 27-ші шілде күні өтетін Геннадий Головкин мен Дэниэл Гил арасындағы жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Головкин мен Гил жекпе-жегінің төрешісі белгілі болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88065/)