![EXPO-2017 көрмесіне қойылатын шетелдік тауарларға арнайы кеден рәсімі енгізіледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38443.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Астана EXPO-2017» көрмесін ұйымдастыру аясында Кеден одағы шекарасынан өткізілетін шетелдік тауарларға арнайы кеден рәсімі енгізіледі, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Еуразия экономикалық кеңесі комиссиясының 10-шы отырысында тауар категориясының тізіміне бірқатар өзгеріс енгізілген. Бұл арқылы Кеден одағы шекарасынан өтетін және «Астана EXPO-2017» көрмесін ұйымдастыру мен өткізуге арналған шетелдік тауарлар арнайы кедендік рәсімнен өтеді. Олар кедендік баж салығын төлемейді. Сонымен қатар, тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.
Шешімді қабылдаудың басты мақсаты - жоба шығындарын арзандату.
Бұл тауарлар арнайы кеден рәсімінен кейін «EXPO-2017» мамандандырылған көрмесі аяқталғаннан соң, 6 айдан аспайтын мезгілде алынады. Сонымен қатар, тауарларды коммерциялық мақсатта қолдануға жол берілмейді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=EXPO-2017 көрмесіне қойылатын шетелдік тауарларға арнайы кеден рәсімі енгізіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88116/)