![Чемпиондар Лигасы: «Ақтөбе» үшінші кезеңде «Стяуа» клубымен кездеседі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38452.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық «Ақтөбе» клубының Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы румыниялық «Стяуа» болды. Бұған дейін олар норвегиялық «Стремсгодсет» футболшыларын ұтқан. Румын футболшылары Норвегияда 0:1, ал өз алаңында 2:0 есебімен жеңіске жеткен.
Алғашқы ойын 29-30 шілде күні Ақтөбеде өтеді, ал 5-6 тамыз күні футболшылар Бухарестте ойнайды.
Естеріңізге сала кетейік, «Ақтөбе» футболшылары екінші іріктеу кезеңінде тбилисилік «Динамо» командасынан басым түскен. Қазақстандық клуб Грузияда 0:1 есебімен жеңсе, өз алаңында жауапсыз 3 гол соғып, келесі кезеңге өтті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Чемпиондар Лигасы: «Ақтөбе» үшінші кезеңде «Стяуа» клубымен кездеседі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88125/)