![Тікелей эфирде – «Астана» - «Хапоэль» ойыны](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_33547.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қарағандылық «Шахтер» өз алаңында литвалық «Атлантас» клубын қабылдайды. Бірінші мачта есеп ашылмаған болатын. Кездесу Астана уақытымен 18:30-да Қарағанды қаласындағы «Шахтер» стадионында өтеді.
Ал, елордалық «Астана» клубы Тель-Авивке сапар шегеді. «Астана» мен «Хапоэль» арасындағы бірінші кездесу 3:0 есебімен астаналықтардың пайдасына шешілген болатын. Бұл кездесу Астана уақыты бойынша 23:00-де «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Алматылық «Қайрат» Данияда «Эсбьерг» клубымен ойнайды. Алматыда өткен алғашқы ойында қос клуб 1:1 есебімен тең тарқасқан. Кездесу Астана уақыты бойынша 23:00-де басталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тікелей эфирде – «Астана» - «Хапоэль» ойыны&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88135/)