![«Air Algerie» компаниясының жолаушылар ұшағы Нигерде апатқа ұшырады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_33543.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Air Algerie» әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Нигер астанасында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Риа-Новости.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, бортта болған 110 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі қаза тапты.
Бұған дейін хабарланғандай, ұшақпен байланыс Мали елінің әуе кеңістігінде үзілген.
Испаниялық «Swiftair» компаниясымен бірлескен рейс Буркина-Фасо астанасы - Уагадугу қаласынан Алжирге ұшып шыққан болатын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Air Algerie» компаниясының жолаушылар ұшағы Нигерде апатқа ұшырады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88149/)