![Қазақстанның басым бөлігінде жел тұрып, жаңбыр жауады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38473.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
25 шілде күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, желдің екпіні күшейеді, найзағай ойнайды. Тек батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ғана күн ашық болады, деп хабарлайды «ҚазГидромет».
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 метр секундқа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Атырау және Маңғыстау облысының кей аймақтарында аптап ыстық күтілуде. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен орталығында өрт қауіпі бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанның басым бөлігінде жел тұрып, жаңбыр жауады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88159/)