![Facebook әлеуметтік желісін 1,32 миллиард адам пайдаланады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38487.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Facebook әлеуметтік желісін қолданушылар саны 1,32 миллиард адамға жетті. Бұл туралы Facebook-тің ресми сайты мәлімдеді. Facebook желісіне соңғы 3 айда 40 миллион қолданушы тіркелген.
Facebook әлеуметтік желісін ұялы телефон арқылы 1 айда 1,07 миллиард адам қолданады екен. Ал, 1 айдың ішінде 654 миллион адам пайдаланады. Ұялы телефон арқылы пайдаланушылардың саны өткен жылғымен салыстырғанда 41 пайызға артқан.
Қазіргі таңда Facebook желісінің ұялы байланыс құралы арқылы қолданушыларға барлық мүмкіндіктер жасалған. Сондай-ақ, Facebook компаниясының құрамында ұялы телефон арқылы қолданылатын WhatsApp және Instagram әлеуметтік желілері бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Facebook әлеуметтік желісін 1,32 миллиард адам пайдаланады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88173/)