![«Алматы-Көкпек-Шонжы-Көктал-Қорғас» автожолына жөндеу жұмыстары жүргізілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38495.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Республикалық маңызы бар «Алматы-Көкпек-Шонжы-Көктал-Қорғас» автожолының 63 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды «Қазақавтожол» РМКбаспасөз қызметі.
Жыл басынан бері аталған күрежолдың 109-шақырымынан 126-шақырымына дейінгі аралықтағы бөлігін қайта салу жұмыстары атқарылуда. Ал 126-шақырым мен 154-шақырым аралығында ой-шұңқыр жөндеу және жол бойын ретке келтіру жұмыстары атқарылды.
Жыл соңына дейін 154-шақырымнан бастап 172-шақырымға дейінгі аралықта орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Алматы-Көкпек-Шонжы-Көктал-Қорғас» автожолына жөндеу жұмыстары жүргізілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88181/)