![Астанадағы мешіттердің алдына киіз үйлер құрылып жатыр](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38545.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қасиетті айдың қуанышын сүйіншілейтін Ораза айт күндері Елорда мешіттерінде түрлі шаралар ұйымдастырылмақ. 28 шілде күні сағат 06:00-06:30 аралығында қасиетті Құран аяттары оқылып, 06:30-07:00 аралығында Ораза айтына арналған мерекелік уағыз айтылып, айт намазының оқылу ерекшелігі баяндалады. Сағат 07:00-де мерекелік Ораза айт намазы оқылады.
Елордалық мұсылмандарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында күндізгі сағат 10:00-ден бастап, бас шаһардағы «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан» және «С.Ғылмани» мешіттерінің аулаларына киіз үйлер тігіліп, мерекелік дастархан жайылады, - деп хабарлайды Әзірет Сұлтан мешітінің баспасөз қызметі.
Айтулы мерекеде ұлттық спорттық ойындардан жарыстар өткізіліп, терме-жырлар жырланып, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Соған орай, мешіт қызметкерлері барша елордалық жұртшылықты мерекелік айт намазына қатысып, мәдени шараларды тамашалауға шақырады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанадағы мешіттердің алдына киіз үйлер құрылып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88231/)