![Ораза айт мерекесінің бағдарламасы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38552.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ораза айт мерекесіне орай Елорда мешіттерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Атап айтқанда, 28 шілде күні сағат 06:00-06:30 аралығында қасиетті Құран аяттары оқылады, деп хабарлайды «Нұр Астана» орталық мешітінің сайты.
Ал, 06:30-07:00 аралығында Ораза айтына арналған мерекелік уағыз айтылып, айт намазының оқылу ерекшелігі баяндалады. Сағат 07:00-де мерекелік Ораза айт намазы оқылады.
Елордалық мұсылмандарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында сағат 10:00-ден бастап, бас шаһардағы «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан» және «С.Ғылмани» мешіттерінің аулаларына киіз үйлер тігіліп, мерекелік дастарқан жайылады.
Сондай-ақ, ұлттық спорт ойындарынан жарыстар өткізіліп, ән-термелер жырланып, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ораза айт мерекесінің бағдарламасы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88238/)