![Зарина Диас Вашингтондағы халықаралық турнирде бақ сынайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38558.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық теннисші Зарина Диас 28-ші шілде мен 3-ші тамыз аралығында Вашингтонда өтетін халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зарина Диас биылғы Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шығып, сәтті өнер көрсетіп, әлемдік рейтингте 53-орынға дейін көтерілген болатын.
АҚШ-та өтетін теннис турнирінің жүлде қоры 250 мың доллар құрайды. Турнирге Люси Шафаржова, Екатерина Макарова, Ализе Корне, Слоан Стивенс, Светлана Кузнецова сынды атақты теннисшілер қатысады.
Бұл турнир 25-ші тамыз бен 8-ші қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өтетін АҚШ-тың ашық чемпионатына дайындық болмақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Зарина Диас Вашингтондағы халықаралық турнирде бақ сынайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88244/)