![Жасөспірімдер арасында Ұлттық спорт түрлерінен ел біріншілігі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38593.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматы қаласында 31-ші шілде мен 4-ші тамыз аралығында көкпар, аударыспақ және теңге ілуден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының ІІІ чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің 16 облысы мен Астана, Алматы қалаларының 1996-1998 жылы туған жасөспірім спортшылары қатысады, - деп хабарлайды Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы.
Чемпионат ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2014 жылға арналған бұқаралық-спорттық, сауықтыру іс-шаралары мен республикалық және халықаралық негізгі жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес өткізіледі.
Ел біріншілігі Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Қазанат» атшабарында өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жасөспірімдер арасында Ұлттық спорт түрлерінен ел біріншілігі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88279/)