![Анарбек Қарашев СІМ жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38623.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мемлекет басшысының Өкімімен Анарбек Бақтығазыұлы Қарашев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Біздің анықтама:
Анарбек Бақтығазыұлы Қарашев 1965 жылы 25 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті), Германия Федеративтік Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы дипломатиялық курсты бітірген.
IІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл. Қазақстан Республикасының Франкфурт-на-Майне қаласындағы (ГФР) Бас консулы қызметін атқарған. 2008 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Анарбек Қарашев СІМ жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88309/)