![Қызылордада жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірлер салынуда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38666.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биыл Қызылорда қаласында 73,3 шақырымды құрайтын 79 көше жөнделуде. Бұл туралы қалалық мәслихаттың ХХХІ сессиясында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты.
Оңтүстік кіреберістегі Шымкент-Самара халықаралық автожолы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, Саламатов, Рысқұлов, Әбілқайыр хан, Марал Ишан, Қаратоғай көшелері қайта жөнделіп, жаңа үлгідегі жарық бағаналары мен аялдамалар, көрнекі ақпарат қондырғылары қойылмақ.
Ұзындығы 5 шақырымды құрайтын Әл-Фараби көшесі күрделі жөндеуден өтіп, ауылдарда 7,3 шақырымды құрайтын 10 көше орташа жөндеуден жүргізілуде.
Сонымен қатар, Абай даңғылы мен Қазыбек би көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған 2 аспалы көпір салынуда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірлер салынуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88352/)