![«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 1-30 тамыз аралығында өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38693.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биыл «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 1-30 тамыз аралығында «Балаларға мейірімділік сыйла!» ұранымен өтеді, деп хабарлайды astana.kz.
Аталған акция еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылмақ. Мұндағы мақсат - аз қамтылған отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесу.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қазақстандықтарды акцияға қатысуға шақырады. Өйткені әр бала мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі керек.
Акцияға қатысуға ниет білдірген елордалық тұрғындар қалалық Білім басқармасының 55-68-74, 55-68-75 телефон нөміріне хабарласа алады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 1-30 тамыз аралығында өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88379/)