![Қаржы полициясы «Қазатомпром» ұлттық компаниясының топ менеджерлерінің ісін сотқа тапсырды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38701.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қаржы полициясы «Қазатомпром» ұлттық компаниясының 1,3 миллиард теңге қаражатын ұрлады деген айыппен «Қазатомпром» ұлттық компаниясының басқарушы директоры В.Шевелевті, «Қазатомпром-Демеу» ЖШС директоры С.Әбдрәзақовті және «Әлібеков» ұйымдасқан қылмыстық тобының басшысы «Сырдария-жоба Құрылыс» ЖШС директоры Р.Әлібековті ұстағанын бұған дейін хабарлаған еді.
«Бұл қылмыстық істің тергеуі аяқталды. 2014 жылғы 19 маусымнан бастап аталған қылмыстық іс Өскемен қаласының №2 сотында қаралуда», - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қаржы полициясы «Қазатомпром» ұлттық компаниясының топ менеджерлерінің ісін сотқа тапсырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88387/)