![Либерияда «Эбола» вирусына байланысты мектептер жабылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38720.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Либерияда «Эбола» вирусынан қаза тапқандар саны артуда. Осыған байланысты ел үкіметі барлық мектептерді жабу туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ, президент Элен Джонсон-Серлиф ел аймақтарында карантин жарияланатыны жөнінде мәлімдеді.
Соған сәйкес, кейбір мемлекеттік мекеме қызметкерлері 20 күн бойы үйлерінен шықпауы тиіс. Карантин талаптарының сақталуын әскери бөлімшелер бақылайды, деп хабарлайды BBC.
БҰҰ-ның мәліметінше, Батыс Африкада «Эбола» вирусынан қаза тапқандар саны 672-ге жеткен.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Либерияда «Эбола» вирусына байланысты мектептер жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88406/)