![«Tour of World Class-2014» бірінші кәсіби веложарысы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38723.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
16 тамыз күні Алматы қаласында әуесқойларға арналған «Tour of World Class-2014» бірінші кәсіби веложарысы өтеді. Шара Қазақстан Республикасының Спорт күніне орай ұйымдастырылмақ.
Көптеген қалалық веложарыстарға қарағанда, «Tour of World Class-2014» веложарысы, III Алматы Марафонында өзін үздік көрсеткен, бұқаралық жарыстардағы нәтижелерді есептеудегі заманауи MyLaps жүйесімен жабдықтандырылады.
Әуесқойларға арналған «Tour of World Class-2014» бірінші кәсіби веложарысы Алматы қаласының велоспорты өркендеуінің тарихында бұрын-соңды болмаған ауқымды спорт іс-шарасы.
Жарыс Алматы қаласының тұрғындары арасында салауатты және белсенді өмір салтын насихаттау, қаладағы веломәдениетті дамыту, сонымен қатар, облыс орталығы мен өңірлердегі тұрғындарды барынша велосипедшілер қатарына қосу мақсаттарында өткізіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Tour of World Class-2014» бірінші кәсіби веложарысы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88409/)